«Парасыз сессия» акция шеңберінде

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Маңғыстау облысының гуманитарлық колледжінде студенттерге және мұғалімдерге арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Аталған іс – шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және облыстың жастар ресурстық орталығының бірлестігімен өткізілді. Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша

департамент өкілі Сахан Сұлтанның баяндамасы тындалды. Департамент өкілі облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатырған профилактикалық жұмыстары және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру туралы сөз қозғады. Іс – шара барысында студенттер арасында анонимді түрде сауалнама жүргізілді. Семинар сонында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жадынамаларымен таныса отырып қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды. Аталған іс-шара «Парасыз сессия!» акциясы шеңберінде бастамасын тапты.

 

Жамбыл облысының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға және азаматтардың құқықтық санасын күшейтуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттауды белсенді түрде жүргізуде.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу ерекше рөл атқарады.

2015 жылғы 18 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті ынталандыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағымсыз көзқарасты қалыптастыру мақсатында Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Департамент басшысының орынбасары - тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаевтың жастар ұйымдарының белсенді көшбасшыларымен кездесуі өткізілді.

Ғ.С.Тұрсынбаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ең үлкен үміт жастарға артылатынын айтты. Сондай-ақ, жастардың орнын ерекшелей келе, "бағалы ресурс пен қоғамда жемқорлыққа қарсы ахуалды қалыптастыратын негіздің көзі" екендігін білдірді.

Кездесу барысында қатысушылардың арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – елге тиген үлес» тақырыбына пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында ойыншылар бір-бірімен сыбайлас жемқорлық және оның көріністері, парақорлықтың түрлі салаларға әсер ететіні туралы өз ойларымен бөлісті.

Толығырақ...

Біртұтас майдан болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру

13 ақпан, 2015

 

2015 жылғы 12 ақпанда Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Департамент басшылығы және облыстың 10 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және үкіметтік емес ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы бірлескен күштерді біріктіру мәселелерін қамтитын бірлескен іс-шаралар Жоспарына қол қойылды.

Қол қойылған Жоспар аясында азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық сияқты құбылысты қабылдамауға бағытталған ағарту-насихаттау материалдарын тарату және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды қамтиды. Сондай-ақ Жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге бірлескен қоғамдық рейд және мемлекеттік қызметке қоғамдық бақылау жүргізу көзделіп отыр. Жалпы, құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша 9 бағыт айқындалған.

Іс-шарада Департамент басшысы Мұрат Қарымсақов қатысушылар алдында сөз сөйлеп, қол қойылған бірлескен іс-шаралар жоспарының маңыздылығын атап өтті. «Баршамызға мәлім, 2014 жылғы желтоқсанда Елбасымен Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегиядағы басым шаралардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қоғамдық бақылау  институтын енгізу болып табылады. Стратегияның аталған шараларды барлық қоғамның күштерін, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың күштерін біріктіру арқылы іске асыру мүмкін.

Бүгінгі қол қою көзделген Жоспар - азаматтық қоғам институттарымен ашық диалогты реттеуге, біздің ынтымақтастықты неғұрлым тиімді дамытуға,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы бірлескен  күштерді күшейтуге және қоғамда оның қандай да бір көріністеріне мүлдем төбеушілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Аталған бағыттар бойынша атқарылатын бірлескен іс-шаралар оң нәтижесін беретініне сенімім мол.»

Кездесуде Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Абай Батырбаев Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарына түсіндірме берді, сондай-ақ Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетудің жай-күйіне жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және тәртіптік кеңестің жұмыс барысы  туралы баяндама оқыды. Баяндама барысында слайд көрсетілді.

Сондай-ақ кездесуде ҮЕҰ өкілдері, бүгінгі кездесудің маңыздылығын атап өтіп, өздерінің ұйымдарының қызметі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдармен жүргізілген іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер бойынша ойларын айтып, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді.

  

Алматы қаласында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Білім басқармасымен бірлесе отырып қаланың 28 мектебінің директорлары мен бас есепшілерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Департаменті қызметкері М. Анапин 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар, М.Анапин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзара іс-қимылға шақыра отыра және осы мәселе бойынша ұсыныстарды Департамент қабылдауға дайын екендігін білдіріп, Департаменттің мекен-жайы, 1494 Call -центрі мен басқа да байланыс телефондары туралы ақпарат берді.

Қалалық мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары» атты сауалнама және аталған тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізіліп жатқандығы белгілі болды.

Сонымен бірге орта мектеп және лицейлер өкілдерімен бастапқы сынып оқушылары үшін түрлі ойындар мен жарыстар өткізу арқылы сынып сағаттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді ұйымдастыру, ал орта және жоғары сыныптар үшін мұндай іс-шараны жалпы білім беру пәндері арқылы, мектептік өзін-өзі басқаруға қатысу арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстар білдірілді.

Толығырақ...

Жастар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қадағалап жатыр

12 ақпан, 2015

2015 жылғы 12 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен жастар ұйымдарының белсенділері мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау бойынша рейд өткізді. Осы ретте рейд катысушылары №1, №3 қалалық емханаларда, СҚО Салық департаментінде, Петропавл қ. «ХҚКО» РМК №1 бөлімшесінде сауалнама өткізді. «Сыбайлас жемқорлық жол жоқ» суреті және «Біз сапалы мемлекеттік қызмет үшін» жазуы бар жеңіл жейде киген рейд қатысушылары, мемлекеттік мекемелерде қызмет көрсету бойынша қанағаттылық деңгейін анықтау мақсатында, қызмет алушылар арасында сауалнама өткізіп, ақпараттық үнпарақтар таратты. Жалпы іс-шарада шамамен 200 адам қамтылды. 

Сауалнама нәтижелері бойынша, тұрғылықты халықтың көпшілігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына риза болғаны анықталды. Әсіресе емханалардың емделушілері қызмет көрсетулер электрондық форматқа ауысуы туралы жағымды пікір айтып кетті, мысалы, №3 қалалық емханада www.poliklinika.sko.kz  ресми сайтында «Дәрігерге жазылу» қызметі бар.  Жастар ұйымдары осы жұмысты өткен жылдағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО департаментімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырып жатыр.