Жаңаөзен қаласының орта мектебтерінде оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

29 қазан 2015 жыл

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жаңаөзен аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  29 қазанында Жаңаөзен қалалық № 5 Гимназия Орта мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Елдос Таушанов  ұстаздар мен оқушыларға іс-шараның мақсаты, Бөлім қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті және «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» атты тақырыпта дәріс оқыды. Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының www.anticorruption-mangystau.kz ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді. 

 

Пікір қалдыру


қорғаушы код
Жаңарту