Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2014 жылғы 18 желтоқсанда Көкшетау қаласында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы суреттер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді.

Аталмыш суреттер байқауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне арналған іс-шаралар аясында 2014 жылғы 5 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласындағы жалпы білім беретін мекемелердің 13-18 жас аралығындағы оқушылары арасында жарияланған болатын.

Суреттер байқауы негізінен қазақстандықтардың өскелең ұрпағында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік  пен теріс көзқарастың қалыптасуы, сонымен қатар балалардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға өз қолдарымен орындаған, байқаудың мақсат-міндеттеріне сәйкес келетін «Адал өмір сүр», «Сыбайлас жемқорлыққа «ЖОҚ» деп айтайық!», «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» тақырыптарындағы жұмыстар қабылданды. Байқауға барлығы 75 оқушының жұмыстары тіркелді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген салтанатты марапаттау рәсімінде Департамент басшысының орынбасары – Ақмола облысы тәртіптік кеңесінің Төрағасы Қуаныш Асылбекұлы Жапақов балаларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, байқауға қатысқандары үшін алғыс білдірді және оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Іс-шара қала мектептері шығармашылық коллективтерінің қатысуымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Пікір қалдыру


қорғаушы код
Жаңарту