Алматылық жоғарғы оқу орындары сыбайлас жемқорлықтың кері әсерлері туралы ескертілуде

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде семинар-жиын болып өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырған бұл шара « 2014 жылдың 11 қарашасында жарияланған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауы мен 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, профилактика және оның алдын алу » деп аталды, және оған студент жастар, университеттің оқытушылық құрамы, «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты Алматылық филиалының жетекшісі мен Алматы қалалық жастар саясаты Басқармасының өкілдері қатысты.

Жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, Тәртіптік Кеңес Төрағасы - Камалов Бахтияр Камалұлы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ақанов Айқан Ақанұлы және Нұр Отан партиясы жастар қанаты Алматылық филиалының жастар қанатының жетекшісі Халбеков Арман сөз сөйледі. Медицина саласының болашақ мамандарына сыбайлас жемқорлық қылмысының салдарлары, оның тек жекелеген адамға ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсері бар екенін айтып түсіндірілді.

Бахтияр Камалов медициналық оқу орнының студенттері алдында сөз сөйлей отырып, халық арасында, әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру 2014 жылдың 26 жетоқсанында Елбасы Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясына сәйкес біздің орган қызметінің басым бағыттарының бірі екенін айтып өтті.

Аталмыш жоғарғы оқу орнының ректоры Айқан Ақанов университеттің сыбайласлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары тек студентер арасында ғана емес, университеттің оқытушылық құрамы арасында да жүргізіліп отыратынын мәлімдеді. Мәселен, қазіргі таңда университетте әдеп комиссиясы жұмыс жасайды. Оның басты мақсаттарының бірі оқытушық құрам арасында жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, Айқан Ақанұлы өз университетінің жатақханасындағы орындарды үлестіру, студенттерді ақылы бөлімнен грантқа ауыстыру, олардың шетелде тағылымдамадан өтуі секілді рәсімдердің ашық өтетінін, және де декандардың, ректор мен проректорлардың ықпалдастыққа әрдайым дайын екендіктерін айты.

«Нұр Отан» партиясының жастар қанаты Алматы қалалық филиалының жетекшісі Халбеков Арман сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруда жастардың қандай маңызды рөл ойнайтынын түсіндірді. Өз кезегінде, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің студенттері арнайы сыбайлас жемқорлық тақырыбына плакаттар мен түрлі парақшаладан құралған шағын көрме ұйымдастырды.

 

Алматы қаласының белгілі ұлттық және мемлекеттік университеттерінде жыл сайын он мыңдаған студенттер білім алады. Осы орайда, ҚР Мемлекеттікқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қаланың студент жастарымен белсенді түрде кездесулер өткізіп отырады. Осындай кездесулер барысында студенттер мен оқытушыларға жемқорлықтың кері салдарлары ескертіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясының басты бағыттары түсіндіріледі.

 

Пікір қалдыру


қорғаушы код
Жаңарту