Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі ұлттық айтыста көтерілді

2 сур2015 жылғы 11 ақпанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты және жастар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылған «Жырласа, жастар жырласын!» атты облыстық студент-жастар айтысы өткізілді.

Айтыс – халықты материалдық жағдай мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан біріктіретін халық өнері. Оның мақсаты – бұл халық шығармашылығында жас дарынды ақындардың қабілеттерін қолдау.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің қызметкері Б.Хайруллин қазылар алқасының төресі ретінде қатысты.

Жас ақындар өздерінің тәлімгерлерімен айтысып, өз жырларын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арнады.

Пікір қалдыру


қорғаушы код
Жаңарту