Алматы қаласында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Білім басқармасымен бірлесе отырып қаланың 28 мектебінің директорлары мен бас есепшілерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Департаменті қызметкері М. Анапин 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар, М.Анапин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзара іс-қимылға шақыра отыра және осы мәселе бойынша ұсыныстарды Департамент қабылдауға дайын екендігін білдіріп, Департаменттің мекен-жайы, 1494 Call -центрі мен басқа да байланыс телефондары туралы ақпарат берді.

Қалалық мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары» атты сауалнама және аталған тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізіліп жатқандығы белгілі болды.

Сонымен бірге орта мектеп және лицейлер өкілдерімен бастапқы сынып оқушылары үшін түрлі ойындар мен жарыстар өткізу арқылы сынып сағаттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді ұйымдастыру, ал орта және жоғары сыныптар үшін мұндай іс-шараны жалпы білім беру пәндері арқылы, мектептік өзін-өзі басқаруға қатысу арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстар білдірілді.

 

 

Пікір қалдыру


қорғаушы код
Жаңарту