Жамбыл облысының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға және азаматтардың құқықтық санасын күшейтуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттауды белсенді түрде жүргізуде.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу ерекше рөл атқарады.

2015 жылғы 18 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті ынталандыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағымсыз көзқарасты қалыптастыру мақсатында Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Департамент басшысының орынбасары - тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаевтың жастар ұйымдарының белсенді көшбасшыларымен кездесуі өткізілді.

Ғ.С.Тұрсынбаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ең үлкен үміт жастарға артылатынын айтты. Сондай-ақ, жастардың орнын ерекшелей келе, "бағалы ресурс пен қоғамда жемқорлыққа қарсы ахуалды қалыптастыратын негіздің көзі" екендігін білдірді.

Кездесу барысында қатысушылардың арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – елге тиген үлес» тақырыбына пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында ойыншылар бір-бірімен сыбайлас жемқорлық және оның көріністері, парақорлықтың түрлі салаларға әсер ететіні туралы өз ойларымен бөлісті.

 

Сонымен бірге, осындай іс-шарада жастардың шығармашылық тобы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өз өнер туындыларын көрсетті.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді қатысқандары үшін қатысушыларға алғыс хаттар ұсынылды.

Пікір қалдыру


қорғаушы код
Жаңарту