Біртұтас майдан болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру

13 ақпан, 2015

 

2015 жылғы 12 ақпанда Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Департамент басшылығы және облыстың 10 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және үкіметтік емес ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы бірлескен күштерді біріктіру мәселелерін қамтитын бірлескен іс-шаралар Жоспарына қол қойылды.

Қол қойылған Жоспар аясында азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық сияқты құбылысты қабылдамауға бағытталған ағарту-насихаттау материалдарын тарату және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды қамтиды. Сондай-ақ Жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге бірлескен қоғамдық рейд және мемлекеттік қызметке қоғамдық бақылау жүргізу көзделіп отыр. Жалпы, құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша 9 бағыт айқындалған.

Іс-шарада Департамент басшысы Мұрат Қарымсақов қатысушылар алдында сөз сөйлеп, қол қойылған бірлескен іс-шаралар жоспарының маңыздылығын атап өтті. «Баршамызға мәлім, 2014 жылғы желтоқсанда Елбасымен Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегиядағы басым шаралардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қоғамдық бақылау  институтын енгізу болып табылады. Стратегияның аталған шараларды барлық қоғамның күштерін, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың күштерін біріктіру арқылы іске асыру мүмкін.

Бүгінгі қол қою көзделген Жоспар - азаматтық қоғам институттарымен ашық диалогты реттеуге, біздің ынтымақтастықты неғұрлым тиімді дамытуға,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы бірлескен  күштерді күшейтуге және қоғамда оның қандай да бір көріністеріне мүлдем төбеушілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Аталған бағыттар бойынша атқарылатын бірлескен іс-шаралар оң нәтижесін беретініне сенімім мол.»

Кездесуде Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Абай Батырбаев Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарына түсіндірме берді, сондай-ақ Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетудің жай-күйіне жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және тәртіптік кеңестің жұмыс барысы  туралы баяндама оқыды. Баяндама барысында слайд көрсетілді.

Сондай-ақ кездесуде ҮЕҰ өкілдері, бүгінгі кездесудің маңыздылығын атап өтіп, өздерінің ұйымдарының қызметі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдармен жүргізілген іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер бойынша ойларын айтып, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді.

  

Пікір қалдыру


қорғаушы код
Жаңарту