Жастар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қадағалап жатыр

12 ақпан, 2015

2015 жылғы 12 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен жастар ұйымдарының белсенділері мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау бойынша рейд өткізді. Осы ретте рейд катысушылары №1, №3 қалалық емханаларда, СҚО Салық департаментінде, Петропавл қ. «ХҚКО» РМК №1 бөлімшесінде сауалнама өткізді. «Сыбайлас жемқорлық жол жоқ» суреті және «Біз сапалы мемлекеттік қызмет үшін» жазуы бар жеңіл жейде киген рейд қатысушылары, мемлекеттік мекемелерде қызмет көрсету бойынша қанағаттылық деңгейін анықтау мақсатында, қызмет алушылар арасында сауалнама өткізіп, ақпараттық үнпарақтар таратты. Жалпы іс-шарада шамамен 200 адам қамтылды. 

Сауалнама нәтижелері бойынша, тұрғылықты халықтың көпшілігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына риза болғаны анықталды. Әсіресе емханалардың емделушілері қызмет көрсетулер электрондық форматқа ауысуы туралы жағымды пікір айтып кетті, мысалы, №3 қалалық емханада www.poliklinika.sko.kz  ресми сайтында «Дәрігерге жазылу» қызметі бар.  Жастар ұйымдары осы жұмысты өткен жылдағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО департаментімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырып жатыр.

  

 

 

Пікір қалдыру


қорғаушы код
Жаңарту